Орталық Азия мемлекеттерінің партиялық құрылыс ерекшеліктері » Страница 3 » Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры
Приёмная:
+7(727) 375-77-55
Эксперты:
+7(727) 375-88-18
Версия для
слабовидящих
» » Орталық Азия мемлекеттерінің партиялық құрылыс ерекшеліктері
22
май
2013

Орталық Азия мемлекеттерінің партиялық құрылыс ерекшеліктері

 Орталық Азия мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан бір-бірімен тарихи, экономикалық, саяси, әлеуметтік және т.б. өзара байланыстары бар. Аймақтағы саяси партиялық құрылыстың әрбір мемлекетке сәйкес жеке өзіндік ерекешеліктері бар, бұл олардың Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі уақытта өзіне тән даму жолын таңдауына байланысты.
 Мемлекеттердің даму жолдары арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер қандай деңгейде екендігі зерттеу мәселесі болып отыр.
Саяси партиялардың басқа институттардан айырмашылығы билікке күресуі және соның нәтижесінде оны иеленуі. Сондықтан да халықтың билік органдарына көзқарасы мен қалауын білдіру ретінде бұл институттың маңызы зор. Партиялық құрылыстың даму деңгейі Дж. Ишуяманың посткоммунистік Шығыс Еуропадағы саяси партиялардың ұйымдастырылу мен құрылыс ерекшелеліктеріне баға берген критерийлер негізінде алынды. Ол келесідей тәуелсіз айнымалылардан тұрады: режимнің типі, ұйымдық өтпелілік типі, президенттің ресми өкілеттіліктер индексі, сайлау округының орташа көлемі, партияға білдірілген сенімсіздік деңгейі, кәсіподақтарға білдірілген сенімсіздік деңгейі, біріккен жұмысшылар (юниондалған) көлемі. Осы көрсеткіштердің негізіндегі гипотезалар партиялардың құрылысы қандай деңгейде екен деген сұраққа жауап береді [1]. Зерттеу барысында режим және ұйымдық өтпелілік типі, президенттің ресми өкілеттіліктер индексі, сайлау округының орташа көлемі, саяси партиялар туралы заңнама, жалпы демократиялық даму көрсеткіштері таңдап алынды.
Алғашқы көрсеткіш ретінде бұрынғы режимнің типін атауға болады, себебі бұрынғы режимнің табиғаты транзиттік кезеңге әсерін тигізеді, ол өз кезегінде өтпелі кезеңдегі жүйенің құрылымын анықтайды. Сәйкесінше саяси партиялардың құрылыс деңгейін Х.Уэлш Шығыс Еуропада бұрынғы режимнің түрі өтпелі кезеңге әсер еткендігін байқады, ымыраға келу мен қарсыласудың ұзақ мерізімінен кейін қарсылас партиялар арасындағы кадрлардың дайындығы артқанын демократиялық бәсекелестік пен электоралды саясат ойын тәртібіне сәйкес жүргізілгендігін көреміз [2]. Егер де өтпелі кезең анағұрлым ұзақ мерзімге созылса, партиялар соғұрлым институционалданған және құрылымданған болады. Партиялардың институционалдануы жоғары болса олардың ішкі партиялық ұйымдасуы жоғары болуы мүмкіндігі зор. Нәтижесінде партиялардың дамып, жаңа деңгейге өту ықпалы басым. Сондықтан да бұл партиялық құрылыс үшін аса өзекті деп атай аламыз.
Орта Азия аймағының тарихи-саяси құрылымы ұқсас болғанымен, келесідей режим түрлерін көре аламыз: Қырғызстан - «түрлі-түсті революция» феноменін өткерген немесе өзара әсер етуші, Қазақстан- авторитарлы модернизация, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан - реформаланбаған режимдер. Қырғызстанда демократияға жол ашылғанмен конституциялық өзгерістер мен мемлекет басшыларының ауысуынан кейін (А.Ақаев, Қ.Бакиев, өтпелі кезең- Р. Отумбаева, қазіргі А.Атамбаев) парламенттік республиканың құрылуына алып келді. Бұл тиісінше саяси сана негізінде саяси партиялардың дамуына алып келеді ме, немесе мемлекеттің ішіндегі кландық-аймақтық бөліністі одан әрі тереңдетеді ме? Соған байланысты Қырғызстанда өтпелі кезең мерзімі аз уақытты алғандықтан ондағы өзгерістердің енуі мен даму тарапында қиындықтар туғызады. Қазақстанда Қырғызстанға қарағанда өзгерістер тұрақты түрде жүзеге асты. Себебі өтпелі кезеңдегі өзгерістер авторитарлық басшылықтың басқаруы негізінде болған еді. Алайда тұрақтылық сақталғанымен, шектеулер шын мәнінде өзгерістерге жол ашпаса, ол авторитарлық режимнің одан әрі тереңдеуіне алып келеді. Қазір еніп жатқан демократияландырушы өзгерістер имитациялық деп атауға болады. Себебі Қазақстанда соңғы жиырма жылда енген, ең алдымен, демократияландыруға бағытталған өзгерістер жетерлік, іс жүзінде жоқтың қасы. Алайда, өтпелі кезең барысында жүріп жатқан өзгерістер олардың институционалдану процесіне тікелей тәуелді болады. Институцоналдану процесі қаншалықты орындалса бұл жоғарыда аталғандай саяси партиялардың дамуына алып келеді. Реформаланбаған режимдер Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан алдыңғы екеуі қатаң авторитарлықты сақтап отыр, бұл әсіресе мемлекеттердің оқшаулануынан да терең түседі. Әрине, ресми түрде тек Түркменстан ғана бейтараптығын жарияланғанымен, Өзбекстан да жабық мемлекет қатарына жатады, ондағы өтпелі кезең авторитарлық шеңберінен асып түспеді, яғни посттоталитарлық мемлекеттер тиісінше өздерінің демократиялық режимге көшуі барысындағы авторитарлық режимнің тереңделуін атай аламыз. Қорытындысында, саяси режимнің типі Қырғызстанның парламенттік республикаға айналуы саяси партиялардың дамуына жол ашады, бірақ та олардың ішкі ұйымдасуы тарапында және мемлекетті аймақтық бөлініске салынуына, партиялар арасындағы келіспеушіліктерге әкелуі мүмкін. Қазақстандағы саяси партиялардың шынайы күшінің болмауы кедергі болып отыр, алайда өтпелі кезеңінің аяқталуы ішкі ұйымдасқан партияларды дүниеге әкелуі мүмкін. Қалған үш мемлекет алдымен реформалану орындалғаннан кейін ғана өзгерістер орындала алады.
Президенттің ресми өкілеттіліктер индексі Дж Хеллман және Ф. Фрайдың мемлекет басшысына берілген конституциялық өкілеттіліктер негізінде қарастырылды. Ол бойынша төменде көрсетілген өкілеттіліктер тек президентке берілсе «1», шектеулер немесе ескертулері болса «0,5», президентке мүлдем берілмесе «0» беріледі. Егер де президенттің осы индекс бойынша берілген конституциялық өкілеттіліктері жоғары болса, онда мемлекеттегі партия құрылысы әлсіз, себебі онда тұлғаның рөлі жоғары, ал керісінше болса онда президенттің мемлекеттік органдарымен өкілеттіліктерін бөлісетіні және заңды тұрғыда мүмкіндіктерге жол ашады [1]. Қарсы аргумент ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің барлығында президенттің билігі аса күшті болып анықталады. Алайда мақсат – белгілі көлемдегі конституциялық тұрғыдан либералдық заңнаманың негізінде өкілеттіліктер жиынтығын анықтау маңызды.
Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан-14,5 Қырғызстан-13, Өзбекстан-14, Түркменстан-15, Тәжікстан-10 ұпайды көрсетеді. Осы айнымалы негізінде, Түркменстандағы партиялық құрылыс әлсіз тіпті жоқтың деңгейінде. Тәжікстанда көрсеткіштің жоғары болу себебі кейбір президентке берілген өкілеттіліктер конституция мен басқа заңнамаларда көрсетілмеуіне байланысты. Қырғызстанда партиялық дамуға бостандықтың бар екендігін, ал Өзбекстан мен Қазақстанда біршама әлсіздігігін байқауға болады .
 

Өкілеттіліктің атауы
Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Түркменстан
Тәжікстан

1

Парламентті таратады

0,5

0

0,5

0,5

0,5

2

Референдумға мәселелер шығарады

0

0

0,5

0

0,5

3

Сайлауды жариялайды

1

0,5

 

0

 

4

Премьер-министрді тағайындайды

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

5

Министрді тағайындайды

0,5

1

0,5

0,5

0,5

6

Конституциялық сотты тағайындайды

0,5

0,5

0,5

жоқ

0,5

7

Жоғары сотты тағайындайды

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

8

Соттарды тағайындайды

0,5

0,5

1

1

0,5

9

Бас Прокурорды тағайындайды

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

10

Орталық Банктің төрағасын тағайындайды

0,5

0,5

0,5

1

0,5

11

Қауіпсіздік кеңесін тағайындайды

0,5

0,5

1

1

1

12

Жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындайды

-

-

-

1

-

13

Әскердің жоғары басшыларын тағайындайды

0,5

1

1

1

1

14

Қарулы күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады

1

1

1

1

1

 
 

15

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде төраға болып табылады

0

1

0

1

1

16

Парламентке заң жобаларын қайта қарауға жібереді, (өткеру үшін екіден үші қажет)

0,5

1

1

1

 

17

Конституциялық сотқа заңдарды бағыттайды

1

-

1

Жоқ

 

18

Заңдық бастама құқығына ие

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

19

Төтенше жағдайларда жарлықтар шығарады (бақылаусыз)

0,5

1

1

1

0,5

20

Конституцияға өзгерістер ұсынады

0,5

0

 
 
 

21

Парламентті төтенше сессияларға шақырады

0,5

1

0,5

0,5

 

22

Егер парламент жиналысқа жинала алмаса ерекше өкліеттіліктерге ие

0

-

 
 
 

23

Басқа жағдайларда төтенше өкліеттіліктерге ие

0

0,5

1

1

 

24

Парламенттік сессияларға қатысады

1

1

1

1

 

25

Парламетке жолдауын үндей  алады немесе бағыттайды

1

-

-

0,5

1

26

Кабинет жиналыстарын шақырады

1

-

-

 
 

27

Кабинет жиналыстарына қатыса алады

1

-

-

 
 
 
Жалпы жиынтық

14,5

13

13

15

10,5

 
Келесі көрсеткіш - сайлау округының орташа көлемі, бұл партиялардың ұйымдастырушылығы үшін аса маңызды. Сайлау округіне орташа бөлінген орын саны - сайлау жүйелерінің партиялық құрылысына әсер ететін маңызды элементі. Сайлау округының орташа көлемін анықтау үшін парламенттің ықпалды төменгі палатасындағы жалпы орын саны сайлау округтарының санына бөлінеді. Сайлау округының орташа көлемі ең төмен болып депуттаттар бір мандатты сайлау округтері негізінде сайланғанда есептеледі, ал барлық мемлекет бір мандатты сайлау округы болған кезде керісінше ең жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Бұл көрсеткіш бойынша сайлау округының орташа көлемі жоғары болған сайын партияда «кадрланған секілді» белгілердің пайда болуын байқауға болады партияға қысым жасаушылық артады. Яғни партияның америкалық ғалымдар анықтаған секілді мемлекет тарапындағы «машина» рөлі басымырақ болады.
Төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай жоғары көрсеткіш Түркменстан және Қазақстанда, ол алдымен бірмандатты сайлау округтерінен сайланғандықтан, ал ең төменгі көрсеткіші Қырғызстан және Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінде. Орташа көрсеткіш жоғары болған алғашқы екі мемлекетте мемлекет тарапынан партиялық құрылысты дамытуға қысым бар екендігін көруге болады. Сайлау округының көлемі орташа болып табылатын мемлекеттерде партиялық құрылысқа мемлекет тарапынан  қысым деңгейі аса басым емес, ал төменгі көрсеткіш көрсетіп отырған мемлекетте партиялық құрылыстың дамуына қысым жасалмайды.
 

Мемлекеттің аты

Сайлау округтарының саны

Парламенттің төменгі палатасындағы орын саны

Орташа  көрсеткіш

Қазақстан

1

98

98

Қырғызстан

1405

120

0,08

Өзбекстан

135

150

1,1

Тәжікстан

41

63

1,5

Түркменстан

1

125

125

 
Қырғызстанда «Саяси партиялар туралы заң» 1999ж. 12 маусымда қабылданған, оған сәйкес саяси партияларды құру үшін кем дегенде 10 адам болуы шарт. Бұл соңғы кезеңдегі Қырғызстандағы саяси партиялардың санын 20 дан 100 ден астамға дейін санының ұлғаюына әкелді. Қырғызстандағы оппозициялық «Ата Жұрт» «СДПК» «Ар Намыс» «Ақ Шумкар» және «Асаба» партиялары алдыңғы қатарлы болды. Ал 2010ж. парламенттік сайлауында барлығы 29 партия қатысты, соның – 11, 1% артық жинады, 5 партия 5% межеден өтті. Бұл партияларға «Ата Жұрт» «СДПК» «Ар Намыс» «Атамекен» «Республика» партиялар енді олардың Қырғызстандағы 2010ж. Уақытша үкімет кезеңінде белсенділіктеріне байланысты жаңа тұрпатқа ие болды, сондықтан да бұл саяси партиялардың Жогоргу Кенештен орын алуына ықпалын тигізді. Қырғызстандағы партиялық құрылыстың демократиялануы баяу көрсеткіштерден үдемелі дамуға өтті. Бұны соңғы өткен парламенттік сайлаудан байқауға болады, ал көппартиялық жүйе толықтай қалыптасып бітпеді. Дегенмен де сарапшылардың айтуынша, Қырғызстандағы өзгерістер жаңа дамуға алып келеді деп сенеді. Басты қиындық саяси партиялардың арасында келіспеушіліктер болып қалған жағдайда оны тиімді реттеудің механизмдері болды, себебі Қырғызстанда аймақтық бөлініс, мемлекеттік басқару, тереңдеген бұл партиялық жүйеге әсерін тигізсе мәселені одан әрі қиындатады. Келесі саяси партиялардың санының көп болуы бұл артықшылық емес, себебі осыншама саяси партиядан тиісті таңдау жасау бойынша қарапайым халыққа қиын болады. Қазірдің өзінде Қырғызстан парламентіндегі фракциялар бөлінуде бұл «Атажұрт» партиясының парламенттік фракциясынан басталды. Алайда бұндағы өзгерістер Орта Азияның басқа мемлекеттеріне қарағанда жылдамырақ жүзеге асуда.
 
Өзбекстанның «Саяси партиялар туралы заңы» бойынша 1996ж. 26 желтоқсанда қабылданған саяси партияны құруға 20 мың адамның қолы қажет. Саяси партиялардың жиындары мен мәжілістер еңбек уақытынан тыс кезеңде өту міндеттеледі. 2008ж. 1 қаңтарында күшіне енген «Саяси партиялардың мемлекеттік басқару мен елді модернизациялаудағы демократиялық жаңарту рөлін күшейту» мақсатында қабылданған заң бойынша  парламенттегі депутаттық фракцияларға Премьер Министрді сайлауда кеңесуші рөлін береді. Премьер Министрдің қызметінен босату кезінде фракциялардың тарапынан бастама көтеруге болады. Бұл Өзбекстанның партиялық заңнамасын жетілдіруге қатысты өкілеттіліктер беруін жетілдіруге байланысты. Өзбекстанда қазіргі таңда ресми тіркелген 4 саяси партия  және Экологиялық қозғалыс бар. Сайланушы органдарға халыққа осы партиялар негізінен ғана таңдау жасауға тура келеді, ал «Бірлік» және «Эрк» оппозициялық партияларына ресми түрде қызмет етуге рұқсат берілмеген. Бұл партиялардың барлығы пропрезиденттік болып табылғандықтан таңдау тек бір негізгі партиялар бойынша жүзеге асады, бұл партиялардың бағдарламалары бойынша нақты анықталынбаған және идеологиялары нақты байқалмайды деп атай аламыз. 2011ж. бергі Президент И. Каримовтың ұсынысымен парламенттің төменгі палатасында ең көп орынды иеленген саяси партия премьер-министрді тағайындайды, бұл президент тарапынан бектілелді. Егер де екі партия бірдей дауыс санынан иеленсе, онда бірігіп премьер- министрді тағайындауға құқылы, бұл саяси партиялардың парламентегі құқықтарының пайда болуына алып келді.
 
Тәжікстандағы «Саяси партиялар туралы заң» 1998ж. 23 мамырда қабылданған, осы заң бойынша саяси партия құру үшін 1000 адам негізінде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Ерекшелігі саяси партиялардың өздеріннің аймақтарындағы немесе жергілікті жердегі бөлімдерін саяси партияны құрғаннан кейін үш ай уақыт мерзімінде құруға рұқсат беріледі [11]. Басқа Орта Азия мемлекеттерінде бұл тәртіп алдын ала, яғни саяси партияны тіркеуден бұрын бөлімшілері болуы міндеттеледі. Тәжікстандағы саяси күштер тікелей президент Э. Рахмон арқылы реттеледі, Халықтық Демократиялық Партия заң шығарушы орындағы 85% орынды иеленді, келесі орында Тәжікстан Коммунистік партиясы, Тәжікстанның Исламдық Қайта өрлеу партиясы (ПИВТ) Аграрлық Партия мен Экономикалық реформалар Партиясы – әр қайсысы екі орынға ие. Бұл жердегі ПИВТ және Коммунистік Партиядан басқаларының барлығы промемлекетік партиялар болып табылады. Ал оппозициялық бөліктегі партиялар азшылықты құрайды. Бұл жердегі оппозициялық партиялардың ішіндегі ПИВТ халықтың тарапынан кейбір қолдауға ие, ең алдымен бұл халықтың аз қамтылған бөліктеріне көмек көрсету мен жастарды өздеріне қарай бағыттаудан анық байқалады. Бірақ іс жүзінде оның саяси сахнаға ену күшінің әлсіздігіне және нақты партиялық анықталынған тұғырнамасының болмауына байланысты қиынға соғады. Дегенмен де ПИВТ-тың қандай мақсаттарды ұстанып жатқаны белгісіз, бұл болса қарапайым халықты алаңдатады. Дегенмен де ПИВТ мемлекет басшысының ауысу мүмкіндігі болған сәтте ерекше маңызды күшті иелене алады, бұл өз кезегінде партиялардың рөлін одан әрі арттыруға алып келеді.
 
Түркменстандағы «Саяси партиялар туралы заң» 2012ж. 11 қаңтарда өзгерістер енгізілу негізінде қабылданған, бұл саяси партияларды құру және дамыту негіздері бойынша ережелерді бекітеді. Саяси партияны құру үшін мемлекеттік тіркеуден өту үшін 10 адамға дейін ресми өкілдік немесе ұйымдасқан топ болады, ал партия құрамының мүшелері  кем дегенде 1000 адам болып есептеледі. Түркменстанда тек бір ғана саяси партия Түркменстанның Демократиялық партиясы ғана бар. Осы ретте 2008ж. Парламент сайлауында Түркменстан енді өзін бірпартиялық мемлекет ретінде жариялаудан бас тартады деп басқа партияларды құруға рұсат еткенмен басқа партиялар тіркелмеді. Соған сәйкес парламенттегі барлық орындар бір ғана партияға бұйырды. С. Ниязовтың деспотиялық режимнен кейін Г. Бердімұхамедовтың сұлтандықтан неопатримониалимзге өтуі басталды. Яғни  Түркменстан басқа посткеңестік Орта Азия мемлекетері секілді авторитарлық режимге өтуін айтамыз. Неопатримоиниализм фрагментарлы немесе сәтсіз модернизацияның салдарынан кейін орын алады, дәстүрлі және қазіргі ерекше режимнің синтезі болып табылады. Бұл орайда Түркменстанда модернизацияның сәтсіз болуынан емес, керісінше, оның мүлдем болмауын байқауға болады. Ал жаңа мемлекет басшысының өзгерістері азаматтық қоғамның болмауы және халықтың өзінің жеке пікірлерін білдіре алмауына байланысты тиісті дәрежеде қабылданбауы мүмкін, оған әлі де болса саяси партиялардың құрылмауы дәлел бола алады. Дегенмен де Түркменстанның бұрынғы режимнің қалдықтарын жою үшін өзгерістердің барлық салаларды қамтуынан кейін дамуға алып келеді.
 
Freedom House 2012ж. транзиттегі мемлекеттердің жалпы демократиялық көрсеткіштері бойынша жүргізген зерттеуі негізінен бұрынғы посткеңестік және қазіргі жаңа Еуропалық мемлекеттер арасында жүргізілді. Соның ішінде Орта Азия аймағын алар болсақ, жалпы демократиялық көрсеткіштер бойынша алға жылжулар байқалатын мемлекеттер ретінде Қырғызстанды, ал Өзбекстан және Түркменстанда статус-квоның сақталғандығы, Қазақстан мен Тәжікстанда бұл деңгейдің түсуімен көрсетіледі. Осындай қорытындыға келу жеті негізгі көрсеткіш бойынша сарапталды, орташа шама және  медиана барлық 29 мемлекеттің негізінде шығарылды. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы саяси партиялардың даму құрылысына қатысты болғандықтан өзектілігі бар.
 
Country
EP
CS
IM
NGOV
LGOV
JFI
CO
DS
Kazakhstan
6.75
6.0
6.75
6.75
6.50
6.50
6.50
6.54
Kyrgyzstan
5.50
4.75
6.25
6.50
6.50
6.25
6.25
6.0
Tajikistan
6.50
6.0
6.0
6.25
6.0
6.25
6.25
6.18
Turkmenistan
7.0
7.0
7.0
7.0
6.75
7.0
6.75
6.93
Uzbekistan
7.0
7.0
7.0
7.0
6.75
7.0
6.75
6.93
Average
3.98
3.52
4.47
4.70
4.29
4.43
4.78
4.31
Median
3.25
3.0
4.25
4.75
3.75
4.50
4.50
4.14
 
Notes: The ratings are based on a scale of 1 to 7, with 1 representing the highest level of democratic progress and 7 the lowest. The 2012 ratings reflect the period January 1 through December 31, 2011.
 
The Democracy Score (DS) is an average of ratings for Electoral Process (EP); Civil Society (CS); Independent Media (IM);National Democratic Governance (NGOV); Local Democratic Governance (LGOV); Judicial Framework and Independence(JFI); and Corruption (CO).
Орта Азия мемлекетерінің партиялық құрылысы даму деңгейінің айтарлықтай айырмашылықтары көрініс тапты. Ол, ең алдымен, Қырғызстандағы партиялық құрылыстың дамуы аймақ бойынша деңгейі басым, Тәжікстан мен Қазақстан партиялық құрылымдары мемлекет тарапынан көрсетілетін қысымы бар, алайда, Қазақстанда партиялық құрылысының біршама дамуы үшін азаматтық қоғам институттарының тиісті қызметі қажет, екі мемлекетте оның даму деңгейін жаңа тұрпатта көрсете алады. Өзбекстан және Түркменстанда партиялық құрылыс өте әлсіз, әсіресе екіншісінде. Ол мемлекеттердің заңнама тарапында реформалануынан өзгерістер орын алады. Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстандағы партиялық құрылыс авторитарлық режимді бастан өткергеннен кейін, Түркменстанда халықтың саяси мәдениеті жетілгенде дамиды. Жоғарыда талданған көрсеткіштер негізінде аймақтағы жалпы ұқсастық партия құрылысының толықтай қалыптаспауында, тек Қырғызстаннан басқа мемлекеттерді қарастырғанда, бұған жасанды демократиялық өзгерістерді енгізуінен өзінің нәтижесін көрсетпей отыр. Сол тарапта саяси партиялар институцоналдану процесі аяқталу үшін мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс орнатылуы орынды. Орта Азиялық мемлекеттерде саяси партиялар жаңа даму кезеңіне көтерілу үшін мемлекеттің тарапынан басым қолдау және заңнамны жетілдіру қажет. Партиялық құрылыстың даму деңгейінің әр түрлі болуы олардың әр түрлі даму жолын таңдауына тікелей байланысты болып отыр, соған сәйкес бұл партиялық құрылыс жалпы саяси жүйенің құрамдас бөлігі болғандықтан тікелей саяси жүйеге байланысты болмақ.
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ишияма Дж.Т. Партии-преемницы коммунистических и организационное развитие партий в посткоммунистической политике // `Полис` (`Политические исследования`) 1999-№4.
3. Политические режимы Средней Азии:конституционные реформы в рамках авторитарной модернизации. Андрей Медушевский Сравнительное конституционное обозрение 2012 №4 47б.
4. Измирение президентсой власти.- old.kpfu.ru/f15/k2/publ/glava2-paragraf4.pdf
5.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 2009;
Өзбекстан Республикасының Конституциясы  http://www.lex.uz/Pages/GetAct.aspx?lact_id=35869
Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісіне сайлау туралы заңы- http://parliament.gov.uz/ru/regulations.php?id=1358
«Өзбекстан Республикасының Заң шығарушы палатасы Олий Мәжілісі туралы» Конституциялық заңы  http://parliament.gov.uz/ru/regulations.php?id=245
Қырғыз Республикасының Конституциясы- http://www.gov.kg/?page_id=263
«Қырғыз Республикасының Жогоргу Кенеш регламенті жайлы заңы»- http://medialawca.org/document/-10746
Тәжікстан Республикасының Конституциясы- http://base.spinform.ru/show_doc.fwx?rgn=2213
Түркменстан Республикасының Конституциясы-  http://base.spinform.ru/show_doc.fwx?rgn=2376
6.Қырғызстан Республикасының «Саяси партиялар туралы заңы»- http://legislationline.org/ru/documents/action/popup/id/14827
7.Чотаев З.Д. Парламентская форма правления в Кыргызстане: проблемы и перспективы Бишкек 2012- 33б.- orasam.manas.kg/books/Z.Chotaev.pdf
8.Өзбекстан Республикасының «Саяси партиялар туралы заңы»-www.cac-civillaw.org/gesetz/usbekistan/PolitparteienG.USB.ru.rtf
9.Өзбекстан Республикасының  «Саяси партиялардың мемлекеттік басқару мен елді модернизациялаудағы демократиялық жаңарту рөлін күшейту» туралы заңы.  http://www.lex.uz/Pages/GetAct.aspx?lact_id=1164598
11.Тәжікстан Республикасының «Саяси партиялар туралы заңы»-www.cac-civillaw.org/gesetz/tadschikistan/PolitparteienG.TAD.ru.rtf
12.Түркменстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы-www.turkmenistan.gov.tm/?id=764
13.Туркменистан: Парламент принял закон «О политических партиях»  http://www.fergananews.com/news/17908
14.N.Kunysz From sultanism to neopatrimonialism? Central Asia Survey Vol. 31 No. 1 March 2012- 1- -  http://www.tandfonline.com/toc/ccas20/31/1
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ciliam
20 июля 2024 00:53
atorvastatin cost - atorlip brand buy nebivolol 20mg generic
Zixskq
21 июля 2024 02:51
purchase gasex pill - ashwagandha online order purchase diabecon pills
Zihayf
22 июля 2024 07:59
buy lasuna - cheap himcolin online cheap himcolin pill
Ygzrln
29 июля 2024 06:42
finasteride tablets - doxazosin online buy uroxatral generic
Dvquvc
31 июля 2024 08:48
cheap speman tablets - speman for sale fincar cost
Csupiz
23 августа 2024 01:47
generic neurontin 600mg - motrin 400mg usa sulfasalazine 500mg us
Xafnnj
28 августа 2024 16:22
celebrex 200mg us - order celebrex 200mg without prescription buy indocin pills for sale
Cvgfwy
29 августа 2024 14:40
brand mebeverine 135 mg - order arcoxia 60mg online cheap pletal online order
Xcrwzw
4 сентября 2024 10:48
diclofenac generic - aspirin uk buy aspirin 75 mg generic
Eirmmn
7 сентября 2024 14:18
order rumalaya - purchase rumalaya pill amitriptyline 10mg tablet
Wnnfgg
10 сентября 2024 21:29
buy mestinon 60 mg online - buy mestinon 60mg online cheap buy azathioprine without a prescription
Назад 1 2 3 Вперед