Информация - Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры http://sarap.bolimi.kz/ ru Информация - Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры DataLife Engine ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ http://sarap.bolimi.kz/informacija/19181-zhazy-mektepte-sajasi-reformalar-talylandy.html http://sarap.bolimi.kz/informacija/19181-zhazy-mektepte-sajasi-reformalar-talylandy.html
      Саясаттанушылардың ХІІ дәстүрлі жазғы мектебі биыл саяси реформаларды басты тақырып ретінде талқылады. Қазақстан саяси зерттеулер қауымдастығы және Саяси-гуманитарлық конъюнктура орталығы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған төрт күндік іс-шараға шетелдік және отандық кәсіби саясаттанушылар қатысып, маңызды тақырыптарда дәріс оқыды. Еліміздің әр өңірінен арнайы келген және онлайн түрде қатысқан ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдар аса құнды материалдармен танысып, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. 
      «Посткеңестік мемлекеттердің өтпелі кезеңдегі саяси реформала­рының стратегиялық бағыты» атты тақырыппен 22-25 тамыз аралығында өткен ХІІ жазғы саяси мектептің негізгі мақсаты – Қазақстанда саяси білім беруді дамыту, гуманитарлық-саяси пәндер оқытушыларының біліктілігін көтеру, отандық саясаттану мектебінің сараптамалық маңызын арттыру. Қазіргі таңда кез келген мемлекет үшін стратегиялық бағыттарды белгілеу өте маңызды. Саяси реформалар да осы бағытта жүргізіледі. Кәсіби ғалымдар мен жас мамандар бас қосқан талқылау алаңында Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия елдерінің және Қазақстанның беделді саясаттанушы-аналитиктері өзекті мәселелерді кәсіби тұрғыдан талдап, өзара пікір алмасты. Жазғы мектептің бірінші күнінде Саясаттану институтының директоры Аркадиуш Жуковский Польшадағы саяси трансформацияны сайлау жүйесі негізінде талдап берді. Ал Кавказ тарихы институтының директоры Ризван Гусейнов Әзербайжанның отыз жылғы саяси тарихына шолу жасап, геосаясат бағыттарына тоқталды.  
        ҚР Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының директоры, философия ғылымының кандидаты Айдар Әмребаев саяси реформалардың жүйелік өзгерістерге ықпалы жөнінде айта келіп, саяси құндылықтарды сая­си технологиялардың алмастыруы мемлекет болашағы үшін қауіпті екенін айтты. «Біз өзгенің ем