Президент Жолдауы – дамудың тірегі » Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры
Приёмная:
+7(727) 375-77-55
Эксперты:
+7(727) 375-88-18
Версия для
слабовидящих
28
ноябрь
2014

Президент Жолдауы – дамудың тірегі

Президент Жолдауы Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізеді. Оны әлемдік тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Қазақстан осындай мемлекет. Елбасының көрегендігі арқасында аз уақытта толағай табыстарға жетіп келеміз.
      Президент Н.Ә.Назарбаев 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауын ағымдағы жылдың 11 қарашасында жасады. Бұрынғы Жолдаулардан қарағанда осы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы ертерек жарияланды. Оның себебі Елбасы айтқандай әлемдік дағдарыстардың, түрлі сын-қауіптер мен қайшылықтардың Қазақстанға ықпалының күшея түсуі. Дағдарыстардың алдын алу, елдің қалыпты экономикалық даму үрдісін сақтау, Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатының нашарлап кетуіне жол бермеуді биылғы Жолдау бірінші кезекке қояды. Елбасы Қазақстан экономикасының дағдарыстық ахуалда дамуының стратегиясын белгілеп беріп отыр.
     Ашық қоғам орнатқан Қазақстанға әлемдегі негізгі өзгерістер тікелей әсерлерін тигізеді. Ол әсерлер біркелкі болмайды. Кейбір қауіптер біздің экономикалық дамуымыз бен саяси ахуалымызға өзінің негативті салдарларын тигізеді. Олар әлемдік геосаясаттағы тектоникалық өзгерістерге байланысты жүреді. Бүгінде әлемдік геосаяси  тепе-теңдіктің өзгеруіне Ирактағы, Сириядағы, Ливиядағы, Израилдегі соғыстар Таяу Шығыста исламдық радикалистік күштердің Ислам мемлекетін құру әрекеті ерекше әсер етуде. Қазақстанға бұл өзгерістер терроризммен, діни экстремизмнің қаупінің күшеюімен ықпал етеді. Сондықтан қазіргі заманда тастүйін, етек-жеңін жинаған мемлекет құрып өмір сүру дұрыс. Әрбір мемлекет өз мүддесін ойлап, өз мақсаттарын іске асыруды көксейді. Қазақстанның мақсаты айқын. Біз мемлекеттілігімізді нығайтып «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыруға тиістіміз. Ол үшін барлық қазақстандықтардың бай-қуатты өмір сүруі қамтамасыз етілуі маңызды. Сонда ғана билік пен халық бірігіп топтасады.
      Дағдарыстық үрдістер Қазақстанның ішкі дамуынан шығып отырған жоқ. Оның басты себебі әлемдік экономикалық тәртіптердің өзгеруі, әлемдік экономикадағы ахуалдың нашарлауы. Нақты айтсақ әлемдік нарықтағы мұнай, газ, түсті металдар бағасының арзандай бастауы. Соңғы 7-8 айда, мысалы, мұнайдың әлемдік нарықтағы құны 1 бареллге 130 АҚШ  долларынан 77 долларға дейін құлдырады. АҚШ пен Сауд Арабиясы келісіп Ресейге қысым көрсету мақсатында осындай шараларға барып отыр. Бюджетінің қомақты мөлшерін мұнай, газ сатудан жинақтайтын Қазақстан мемлекеті үшін де бұл жағдай ауыр шығын. Сондықтан Елбасы Қазақстанда шикізатқа тәуелді болудан алып шығатын жаңа экономикалық саясат ұсынып отыр. Жолдауда белгіленген міндеттерді шеше отыра Қазақстан постиндустриалдық экономика жасай алады. Осылай болғанда еліміз «Қазақстан 2050 Стратегиясында» күн тәртібіне қойған әлемдегі  бәсекеге  қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндетін шешуде елеулі қадамдар жасайды..
      Биылғы Жолдау былтырғы Жолдаудың логикалық және мақсаттық жалғасы. Екі құжат та «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындауға жұмылдырады.
       Мақсат – қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын күшейту. Жаңа экономикалық саясат осы негізгі мақсатты шешу жолын көрсетіп отыр. Ол жол Қазақстанда мұнай-газ секторынан түсетін пайдаға тәуелділіктен алып шығу. Сондықтан постиндустриалдық қоғамды қалыптастыратын үдемелі – индустриалды инновациялық даму бағдарламасын белсенді жүргізу саясаты жалғаспақ. Соңғы 5 жылда осы ҮИИД бағдарламасы ауқымында 800 жаңа кәсіпорындар іске қосылып жүздеген мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылғаны белгілі. Алдағы бес жылдықта осы шаруаға 100-ден астам елдің шетелдік компаниялары 40 млрд. доллардай ақша салмақ. Бұл 6  трлн. теңге Қазақстанды тауар өндіруші елге айналдырып, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің белсенді жүруін қамтамасыз етеді.
      Алдағы 3 жылға келетін болсақ. Бұл кезеңдегі міндеттер тіптен нақтыланды. Жолдауда айтылған жаңа экономикалық саясатты орындауға жалпы көлемі 24 млрд. доллар қаржы жұмсалады. Оның 9 млрд. долларын халықаралық финанс ұйымдары береді. 9 млрд. доллар Қазақстанның Ұлттық қорынан бөлінсе, 6 млрд. долларды Үкімет қазір беріп отыр. Бұл қаржы Үкіметке, жергілікті әкімшіліктерге нақты жобаларды орындауға бөлінді. «Нұр Отан» партиясының бақылау комиссияларымен құқық қорғау ұйымдары осы қаржының жоспарланған жобаларға ғана жұмсалуын, талан-таржыға түспеуін қатаң бақылайды.
      Мақсат халықтың өмір сүруін жақсарта беру. Бұл істе қомақты табыстар бар. Мысалы, жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ)1991-2014 жылдарп арасында 2400 доллардан 13,5 мың долларға дейін өсті. 2020 жыға қарай бұл көрсеткішті 25 мың долларға жеткізу жоспарлануда. Қазақстан халқының табысы орташа елдерден озды. Қазір еліміз дамыған елдер қатарына өту міндеттерін шешуге кірісті.
      Жаһандаған әлемде ешбір мемлекет экономикалық дағдарыстардан тыс қала алмайды. Сондықтан 2007-2009 жылдардан кейін қайталанған әлемдік экономикалық дағдарыстың жаңа кезеңіне жауап беретін шараларды белгілеу керек деп есептейді Елбасы. Өзгерген өмірге, жаңарған қоғамға сәйкес Қазақстан басшылығы ұстанған саяси, экономикалық және әлеуметтік басымдылықтар да өзгеріп отыруы заңдылық. Алайда, Қазақстан өзінің түпкілікті  мақсаттарын, яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату міндеттерін шешумен ұдайы айналысады. Қазақстанның экономикасы мен қаржысы осы конституциялық мақсаттарға қызмет етеді. Дағдарыстарды жеңу Қазақстан мемлекетін күшейте беретіндігі шындық.
     Кезінде Президенттің тікелей нұсқауымен мұнай, түсті металдар сатудан тапқан пайданы жинақтайтын Ұлттық қор құралған болатын. Бұл қордың қазіргі активтері шамамен 100 млрд. АҚШ доллары көлемінде. 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінде бұл қордан 10 млрд. доллар қаржы дағдарысқа қарсы шараларға жұмсалған болатын. Ал, қазір 3 жылда 3 млрд. доллардан антидағдарыстық шаралар мен елдің индустриалды-инновациялық дамуына жұмсау межеленіп отыр. 9 млрд. доллар қаржы экономиканы ары қарай өзгертуге бағытталады. Бұл шаралар болашаққа қызмет етеді. Нақтылап айтсақ негізінен инфрақұрылымдық өзгерістерге әкелуге тиісті. Транспорт, энергетика, орта және шағын бизнес, әлеуметтік сала қосымша қаржыландырылады. Бұлардың барлығы ешқайда кетпейтін, елде қалатын байлықтар. Яғни Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмаларды орындау нақты жаңа игіліктерді өмірге әкеледі деп күтілуде.
     Президент Жолдауында Үкіметке 14 нақты тапсырма берілген. 1. Шағын, орта және ірі бизнесті қолдауға 100 млрд. теңге. Бұл ақша орта таптың қалыптасуына көмектеседі. Қазір 20 пайыздан асқан орта тап келешекте 50 пайыз болады.
     2. Банк секторын сауықтыру үшін. Проблемалаы несиелер қорын капиталдандыруға 250 млрд. теңге. Бұл дегеніміз елдегі банк жүйесін дағдарыстық жағдайдан алып шығуға көмектесу, елдің қаржы жүйесін жаңаландыру болмақ.
     3. Мұнай-химия технопаркі, Қорғас-Шығыс қақпасы арнай экономикалық аймақтарды дамыту, жаңа инвестициялар тартуға – 81 млрд. теңге. Бұл дегеніміз жаңа индустриалды инфрақұрылымның үлгісін жасау деген сөз.
     4. ЭКСПО-2017 кешенді құрылысына – 40 млрд. теңге. Жаңа кешен Астананың көркін толықтырып, бүткіл Қазақстан халқына мәдени, әлеуметтік қызметтер көрсетпек.
     5. Астана әуе жайын кешенді жаңартуға 29 млрд. теңге. Әуе жайдың өткізу қабілетін жылына 7,1 млн. адамға жеткізу.
     6. Ішкі және стратегиялық  жолдарды жөндеу және салу. Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматы-Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда жолдарын сапалы жөндеу қосымша 200 мың жұмыс орнын ашуға көмектеседі. Жолдауда жол құрлысын дамытудың мультипликативтік әсері өте күшті екендігі айтылады. Ол құрылыстың материалдары, цемент, бетон, битум өндіруді жандандырады. Қазақстан арқылы транзиттік жолаушылар мен көлік тасқынын күшейте отыра ел қоржынын салықтар және тауарлармен толықтырады. Жүк тасмалының жеделдеп ұлғаюы ауыл шаруашылығының дамуына көмектеседі.
     7. Елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымдарын жаңартуға көмектесу, индустриалды аймақтар құрудың жұмыстарын аяқтау.
     8. Жаңадан Екібастұз-Семей-Өскемен, Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағыттарында жоғарғы вольтті электр жүйелерін тарату. Бұл шаралар елдің оңтүстік-шығыс аймағындағы электр қуатының жетіспеушілігі мәселесін шешеді.
     9. Тұрмыстық кешен шаруашылығын (ЖКХ) жаңарту, су және жылу құбырларын жаңалау да кезек күттірмейтін шаруа. Соңғы 6,7,8,9 тапсырмаларды орындауға үкімет 100 млрд. теңге жұмсамақ.
     10. Халықты арендалық тұрғын үймен төменгі пайызбен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Халық тікелей пайда табады. Делдалсыз, несиені төмен пайызбен өтеу арқылы тұрғын үйге ие болуға мүмкіндік беріледі.
     11. Апатты мектептер мен үш аусымды оқитын мектептерді болдырмау, балабақша дефицитін жою міндеттері 2-3 жылда шешіледі.
     12. 10 жетекші университеттің ғылыми және кадрлық базаларын жақсартуға 10 млрд. теңге бөлінеді.
     13. Шағын және орта бизнесті экономикалық дамудың драйвері ету.
     14. Халықтың зейнетақысын, студенттердің шәкіртақысын, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларын өсіру туралы мемлекеттік міндеттемелерді толықтай орындау. Міне осы 11,12,13,14 міндеттерді шешуге Үкіметке 70 млрд. теңге қаржы жұмсау тапсырылады.
     Үкіметке берілген нақты тапсырмалар «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауының қолданбалық сипатын, ел алдындағы өзекжарды мәселелерді шешуге бағытталған жаңа экономикалық саясатты өмірге енгізгендігін дәлелдейді.
     Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды. Жолдау бүткіл Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясатқа негіз болады. 3 жылда Ұлттық қордан жұмсалатын 9 млрд. доллар қаржының әрбір тиыны нақты салаға, пайдасын әкелетін болып жұмсалуы керектігін Президент құқық қорғау органдары басшыларына қатал тапсыруда.
     Елбасының биылғы Жолдауы оның әлемдік үрдістерді, қайшылықтар, қауіптер мен катаклизмдерді терең түсінетін сұңғыла мемлекеттік қайраткер екендігін тағы да дәлелдеді. Біздің көршіміз, стратегиялық одақтасымыз Ресейдің әлемдік басым державалардың экономикалық санкциясына түсуі Қазақстанға да өз әсерлерін тигізуде. Әлемдік дағдарыспен қабаттаса келген бұл қиыншылықтарды Қазақстан өзінің ішкі резервтерін пайдаланып жеңе алатындығына сенім мол. Осы ретте Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясатының елге көмекке келгені де ақиқат. Біздің экономикамызбен Қытай, Евроодақ, АҚШ, Иран, Индия сияқты мемлекеттер де ынтымақтас болып отыр. Осы қатынастарды кеңейте беру арқылы Қазақстан кеткен шығындарды тез қалпына келтіре алатындығы сөзсіз.
     Мәселе, Қазақстан халқының белсенді еңбегіне байланысты. Өзім еңбек ететін  ҚазҰАУ ұжымы өзінің алдына қойған зерттеу  университетіне айналу міндетін шешу арқылы елдің АӨК дамуына сүбелі үлес қоса алады. Мал тұқымдарын асылдандыру, өсімдік шаруашылығындағы инновациялар, фитосанитария қызметі, мал ауруларына қарсы күрес шаралары, азық-түлік сапасын сараптамалардан өткізу жұмыстары Қазақстанның үдемелі-индустриалды, инновациялық дамуына қосылған үлестер болып табылады. Жолдау жаңа міндеттерді жаңаша шешуге бастайды. Ағымдағы жылдың қараша айында Елбасымен болған кездесуде университет ректорына берілген тапсырмаларды орындау оқу ұжымының басты міндеттеріне айналып отыр. Елбасы жоғарғы оқу орындарына әлемдік озық үлгідегі университеттердей білімді, ғылымды, өндірісті бірдей ұштастыруды тапсырып отыр. Зерттеу университетіне айналып бәсекеге қабілетті болу Елбасының негізгі талабы.  

Алияров Е.К., саяси ғылымдарының докторы, профессор

Борбасов С.М., саяси ғылымдарының докторы, профессор
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость Williamcoomo
7 декабря 2019 07:03
Удивительно! :) жк афродита мытищи цены на квартиры с отделкой Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания пирогово афродита 2 новостройки от застройщика цены Для спутникового телевидения есть спец сайт афродита 2 мытищи официальный сайт альянс вакансии Можно установить дверь с доставкой в москве афродита мытищи официальный сайт березовец Тут несколько комментариев для вас мои читатели жк афродита 2 На этом все господа жк афродита 2 застройщик Здесь можно выбрать квартиру березовец мытищи афродита 2 Зацените сайт купить квартиру в мытищах жк афродита ЖК Смотрите какой жк афродита 2 отзывы 16 корпус Интересно, правда? жк афродита цены на квартиры 60 кв м